Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыдағы ірі жол апаты: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Кеше кешкісін Алатау ауданында болған жаппай жол апатынан кейін 23 адамның қандай медициналық мекемелерге жеткізілгенін және олардың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыдағы ірі жол апаты: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
фото: baq.kz

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы апат салдарынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайын айтты.

«Төрт бала №2 балалар ауруханасына, ал жеті ересек адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қаралғаннан және тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, барлығы амбулаториялық емдеуге жіберілді», – деп хабарлады басқарма өкілдері. 

Сондай-ақ, қалған 12 адам Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілген.

Барлық зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өтті, содан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаториялық ем алуға жіберілді. 

Пациенттердің жағдайы орташа ауыр және қанағаттанарлық деп бағаланды, – деп хабарлады ауруханада.