Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Атырауда найзағай жарқылы түскен жеке иеліктегі тұрғын үй өртенді

Атырауда 2 қабатты тұрғын үйге найзағай жарқылы түсті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Атырауда найзағай жарқылы түскен жеке иеліктегі тұрғын үй өртенді
pixabay.com

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобының ақпаратына сүйенсек, оқиға кеше, 13 шілдеде болған. 

– Кешкі сағат 19:47-де Атырау қаласындағы Химиктер ауылында тұрғын үйге найзағай түсті. Соның салдарынан Тәуке хан көшесінде орналасқан 2 қабатты тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жедел жетіп, жалынды сағат 20:23те оқшаулады. Өрт сағат 20;59-да толықтай сөндірілді, -деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыстар және сыртқы коммуникациялар тобы. 

Жалынды сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 18 қызметкер, 4 техника тартылған.