Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда ер адамды жасөспірімдердің көзінше пышақтап өлтірді

Алматының Ремизовка ауданында қаскөй ер адамды жасөспірімдердің көзінше пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда ер адамды жасөспірімдердің көзінше пышақтап өлтірді
Фото: istockphoto.com

Оқиға орнында түсірілген видео Telegram каналдардың бірінде жарияланды.

«Алдын ала мәлімет бойынша жәбірленуші – шабуыл жасағандардың бірінің өгей әкесі. Күдіктілер – марқұмның асырап алған қызы мен оның жігіті», - делінген хабарламада.

Полиция не дейді Бұл оқиғаға Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады полиция. Тергеу қылмыстың ер адамдар арасындағы тұрмыстық жанжал кезінде жасалғанын анықтады.