Қазақстандық бокста қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Kozachkov offside Telegram-арнасы жақында Ыстықкөлде шымкенттік спортшы Ибрахим Ирисматов суға батып көз жұмғанын жазған. 1bol.kz басылымының мәліметінше, спортшы оқу-жаттығу жиынына барған, деп жазады Paryz.kz.
"Оқиға болған сәтте сол маңда 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан. Бокс федерациясының мәліметінше, қаза тапқан жігіт бұл жиынға қатыспаған, демалуға барып, басқа демалыс базасында тұрған. 9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді", - деп жазады басылым.