Қосшы қаласында 8 шілде күні қайғылы оқиға болды. 2017 жылы туған қыз бала көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтер терезесінен құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Дәрігерлер келгенше бала жан тапсырған, жедел жәрдем шақырылғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болған жоқ.
Биылдың өзінде 10 жағдай тіркелген Ақмола облысы бойынша биылдың өзінде балалардың терезеден құлап кетуінің 10 фактісі тіркелген.
Оның ішінде 2 жағдайда бала қаза тапқан. Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай оқиғалар көбіне күндізгі уақытта болады.
Ересектер үйде болса да, назардан тысқалған бір сәтте қайғылы жағдай болуы мүмкін.