Астанадағы Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында жол апаты болды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Hyundai жеңіл көлігі мен жедел жәрдем көлігі соқтығысты. Соққының қатты болғаны сонша, медициналық көлік жол ортасына аударылып түсті.
Бұл жағдай жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында алаңдаушылық туғызуда. Апат салдарынан екі адам жарақат алды.
Белгілі болғандай, медициналық тексерістен кейін олардың жағдайы қанағаттанарлық деп танылып, үйлеріне жіберілді. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталуда.