Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 01.12.2025 10:59 Обновлять, 01.12.2025 19:44

Зерендіде оқушы үйінде бензинге уланып қайтыс болды

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Қызылсай ауылында 13 жастағы бала кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды

Зерендіде оқушы үйінде бензинге уланып қайтыс болды
Фото: freepik.com

Оқушының денесін әкесі мен ағасы жазғы сарайдан тауып алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала бензиннің уытты буымен уланған болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптамадан кейін нақты диагноз қойылады.

«2 шілдеде Зеренді ауданында болған кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД.