Атырауда 11 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдегі лифт шахтасына құлап, аман қалды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бала велосипедімен бірге лифтіге кірмек болғанда есіктер автоматты түрде жабылып қалған. Бала сыртта қалып, ал велосипеді есіктер мен кабина арасында қысылып қалған.
Лифт жоғары көтеріле бастағанда, бала велосипедтен айырылмай, еденнен жоғары көтерілген.
Бір сәтте ол қолын жіберіп, шахтаға құлап кеткен. Бала аман қалды, оған шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Ауыр жарақат алған жоқ. Оқиға бойынша тексеріс тағайындалды.