Қазақ жазушысы Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин дүние салды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Мағжан Мағауин өмір бойы Алматы қаласында тұрған. Жазушының алты баласы болған – төртеуі ұл, екеуі қыз.
Мұхтар Мағауин – тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).
1940 жылы 2 ақпанда сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. Биыл 10 қаңтарда, 84 жасында өмірден өткен еді.