Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылында 81 жастағы енесін өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz.
Полицияның мәлімдеуінше, күдікті - 38 жастағы келіншек. Оның бұл қылмысқа не үшін барғаны әлі де белгісіз.
«Жасқайрат ауылының тұрғынының қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу 1942 жылы туған әйелдің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілуде. Күдікті – 1986 жылы туған азаматша. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», - деп мәлімдеді полицияда.