Ақтөбеде бір күнде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлады paryz.kz.
Оқыс оқиға 27 мамыр күні Ақтөбе облысындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Алға қаласында 5 жасар бала екінші қабаттан құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Екінші жағдайда, облыс орталығында 3 жасар бала да екінші қабаттан құлап жарақат алып, ауруханада жатыр.
«Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналар мен қамқоршыларға осындай оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді», - делінген облыстық ПД хабарламасында.