Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

«Кәуап пісіретін шампур тыққан»: Қаскелеңде мектеп бітіру кешінде оқушы көз жұмды

Алматы облысында мектеп оқушысын өлтіріп кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Кәуап пісіретін шампур тыққан»: Қаскелеңде мектеп бітіру кешінде оқушы көз жұмды
Кеш болған коттедж: Айдана Дайырова

Облыстық полицияның мәліметінше, бала 11-сынып оқыған. Қаскелеңде түлектер мектеп бітіруін атап өтпек болып, кеш ұйымдастырған. Кеш үшін ата-аналары оларға коттедж жалдап берген.

"Отырыс кезінде сыныптастар арасында жанжал туындап, сол кезде біреуі екіншісіне сол жақ кеуде тұсына кәуап пісіретін шампур тығып алған. Жәбірленуші сол жерде қаза тапты", – делінген полиция есебінде. 

Сыныптасын өлтірген оқушы бірден ұсталды.

 ”Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінеген хабарламада.

Полиция білім басқармасына өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау үшін тиісті ұсыныс жолдады.

"Қазір қылмыстық істің барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Департамент.