Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Жаңаөзенде түлектер тізгіндеген көлік апатқа ұшырады

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мектеп түліктері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Paryz.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңаөзенде түлектер тізгіндеген көлік апатқа ұшырады
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде оқушылар мінген көліктердің бір-бірімен соқтығысқаның видеосы тарады.

Кадрдан түлектердің жол талғамайтын көлікпен келе жатып кенеттен жылдамдығын арттырғанын, сонан соң жолда шаң көтеріліп, салдарынан алдағы көлікке барып соқтығысқанын көруге болады. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктің бірі жол жиегіне шығып кетті. Жастарды ауыр жарақаттан қорғаныш жастықтары қорғап тәрізді.

Бірақ соның өзінде де бірнеше ұл көліктен бастарын ұстап шығып жатыр. Ал көпшілік видеоның астында түлектердің ата-аналарын жазалау керектігін жазып жатыр.