Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, «Жастар» тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп жүрген электриктерді ток соққан, деп хабарлайды paryz.kz.
Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәліметті растап, екі азаматтың жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.
– 22 мамыр сағат 13:05-те Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөліміне электр жарақатын алған екі ер адам жеткізілді. Екі науқасқа да ІІ–ІІІ дәрежелі көптеген күйік диагнозы қойылды. Пациенттер анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне (АРҚТБ) жатқызылды. Қазір оларға барлық қажетті қарқынды терапия шаралары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді басқармадан.