Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Талдықорғанда құрылыс кранының кабинасы өртеніп кетті

4 мамыр күні Талдықорған қаласында үй слатын кранның кабинасынан өрт шықты, деп хабарлады Paryz.kz.

Талдықорғанда құрылыс кранының кабинасы өртеніп кетті
фото: видеодан скриншот

Оқиға Құлагер шағын ауданындағы құрылыс нысандарының бірінде болды. Куәгердің түсірген видеосын блогер Айдос Кертаев Instagram парақшасында жариялады.

«Салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында мұнара кранының кабинасы өртенді. Өрт туралы хабарлама сағат 11:38-де түсті. Бөлімшелер келгенге дейін өрт өздігінен сөндірілді. Алайда, келгеннен кейін өрт сөндірушілердің көмегімен өрт ошағын біржола жойып, оның қайта таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.», – деді Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.