Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 05.12.2025 11:28 Обновлять, 06.12.2025 17:56

Атырау балабақшасында тәрбиеші бүлдіршінді тепкен

Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланы тепкен сәті түсірілген бейнежазба тараған болатын. Кейін белгілі болғандай, оқиға «Зейнеп-Амина» жеке меншік балабақшасында болған, деп хабарлайды paryz.kz.

Атырау балабақшасында тәрбиеші бүлдіршінді тепкен
фото: видеодан скриншот

Балабақша басшылығының айтуынша, құқық бұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан шығарылған.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн.