Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақмола облысында 15 тонна шөп жанып кетті

Ақмола облысында 15 тонна шөп өрті сөндірілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақмола облысында 15 тонна шөп жанып кетті
фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Аршалы ауданының Красное озеро ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында жиналған шөп отқа оранды.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында жалынның шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді. От толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.

ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажеттігін еске салады.