Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Қостанайда полиция сыныптасын атып өлтірді

8 наурызда түнгі сағат 3-тер шамасында бұрын сотталған сыныптасы мас халде полиция қызметкерінің үйіне досымен бірге көлікпен келеді.

Қостанайда полиция сыныптасын атып өлтірді
фото: ашық дереккөз

Қостанайда 37 жастағы ер адамды атып кетті. Кісі өліміне күдікті ретінде ұсталған полиция қызметкері болып шықты, деп хабарлады paryz.kz

Бұл оқиғаға Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов түсініктеме берді. Оның айтуынша, екі сыныптас арасындағы жанжал 10 шақты адамы бар чаттан басталған.

"Біз саған бара жатырмыз, қаруымыз да бар, дайын бол, тіпті 30 адам да жетпейді бізге", "бауырым, сен осы топта айт, үстінен арыз жазбаймын деп, бірге-бір шықсақ, бірден сұлатамын, жарып тастаймын", "бәрін жігіттерше шешейік, қаралық жасама", "быт-шытыңды шығарамын". Бұл - WatSapp тобына жіберілген дауыстық хабарламалардан алынған сөздер", - деді Бекет Аймағамбетов.

Қазіргі уақытта жанжалдың себептерін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. 8 наурызда түнгі сағат 3-тер шамасында бұрын сотталған сыныптасы мас халде полиция қызметкерінің үйіне досымен бірге көлікпен келеді. Ол өз атына тіркелген мылтықты алып, кездесуге шыққан полиция қызметкеріне қорқыту-үркіту сөздерін айтқан.

"Жағдайды объективті бағаламағандықтан, кезекті қоқан-лоққы кезінде полиция қызметкері оқ атқан, жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта полиция қызметкері қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу, сондай-ақ қызметтік тергеу басталды", - деп сөзін қорытындылады Аймағамбетов.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары бақылауға алынды.