Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Астанадағы LRT бағанына адамды асып кеткен

Елордадағы Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс нысанында 38 жастағы ер адамның асылған күйдегі денесі  табылды, деп хабарлайды Paryz.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Астанадағы LRT бағанына адамды асып кеткен
фото: видеодан скриншот

Бұл ақпарат Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне 102 арнасына қоңырау шалу арқылы жеткен. Полиция марқұмның кім екенін анықтап, қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

«Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс нысанында асылып қалған ер адам туралы 102 арнасына хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері 38 жастағы марқұмның жеке басын анықтады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Мән-жай анықталып жатыр», деп хабарлады Астана полиция департаменті.