Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады. Екі жігіттің мәйіті 17 қыркүйекте таңертең табылған.
Өлімнің себебі әзірге белгісіз. Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, Үндістаннан келген 21 және 22 жастағы екі жігіт Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курс студенттері болған.
Олардың мәйіттері аталмыш университеттің басқа да студенттері тұратын пәтерден табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шетелдіктердің өлімінің себебі әлі белгісіз, нақты ақпарат тек сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін ғана жарияланады.
Газ қызметкерлерінің айтуынша, пәтерден газ иісі анықталмаған. Ал студенттердің мәйіттері пәтердің жатын бөлмесі мен дәлізінен табылды.