Саяхат кезінде екі турист өзін жайсыз сезініп, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Құтқарушылар тобы бөлініп, құтқару жұмыстарын жаяу жүргізді. Бұл іздестіру жұмыстарын қиындатты.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы тәуліктің түнгі мезгілінде төмен температурада күрделі жартасты бедерде іздестіру жүргізіп, туристерді 7 сағаттан соң тапты. Туристер қатты шаршап, тоңып қалған.
«Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына жедел түрде барды. Туристерді Алматы қаласына эвакуациялап, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.