Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 18.11.2025 11:49 Обновлять, 19.11.2025 16:45

«Түрмеден босат!»: Мешітте полицейлерге пышақ ала жүгірген молла жұрттың зәресін ұшырды (ВИДЕО)

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жолдауын баяндап жатқан кезде, елордамыздың Сарыарқа ауданындағы мешітте пышақ ұстаған ер адам жұрттың зәресін алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Түрмеден босат!»: Мешітте полицейлерге пышақ ала жүгірген молла жұрттың зәресін ұшырды (ВИДЕО)

Қолына пышақ ұстаған ер адам мешітке кіріп, әлдебір тұтқындарды түрмеден босатуды талап етті. ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102 арнасына шұғыл қоңырау түскен соң, полиция оқиға орнына жедел жетті.

Жергілікті жерде 36 жастағы ер адам ұсталып, оның жанынан қолдан жасалған пышақ табылды. Кейіннен күдіктінің 2006 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. 

«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр», — деп хабарлады Астана қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі