Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Қарқаралыда орманнан мәйіт табылды

Қарқаралыда орманға саңырауқұлақ теруге кетіп, жоғалып кеткен әйелге 4 күн бойы іздеу жүргізілді. Бүгін таңертең ол тіршілік белгілерінсіз табылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы.

Қарқаралыда орманнан мәйіт табылды
Фото: qov.kz

20 қыркүйектен бері Қарқаралы ауданындағы «Берлога» демалыс аймағы аумағында орманда адасып кеткен 1951 жылы туған әйелді іздеу жұмыстары жүргізілді. Ол саңырауқұлақ теруге кеткен. Жоғалған әйелді іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, ТЖМ 52859 әскери бөлімі, полиция департаменті мен ерікті тұрғындар жіберілді.

24 қыркүйекте сағат 10:54-те «Берлога» демалыс аймағынан оңтүстікке қарай 8 шақырым жерде іздестіру тобы із-түзсіз жоғалған әйелді тапты, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.