Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 03.12.2025 11:45 Обновлять, 04.12.2025 02:06

Алматыда 4 жігіт қыздарды аяусыз соққыға жыққан

Желіде Алматыдағы мекемелердің бірінде төрт ер адамның екі қыз бен бір жігітті соққыға жыққан видеосы тарады. Хэллоуин мерекесін тойлаған жастардың арасында алдымен жігіттер сөзге келіп қалған деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда 4 жігіт қыздарды аяусыз соққыға жыққан
Фото: ашық дереккөз

Кейін қыздар да жанжалға араласып, беттерінен бірнеше соққы алған. Бұл фактіні Бостандық аудандық ІІБ-нің полиция бөлімі тексеріп жатыр. Күдіктілер іздестірілуде.

«Жәбірленушілердің алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы жасалды. Нәтижесі шыққан соң оқиғаға баға беріледі», – деді тәртіп сақшылары.