Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Таразда өртенген қамыс арасынан ер адамның мүрдесі табылды

Жамбыл облысында өртенген қамыс арасынан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Таразда өртенген қамыс арасынан ер адамның мүрдесі табылды
сурет Хабар 24 сайтынан

Портал мәліметінше, 29 тамыз күні Тараз қаласының орталығына жақын орналасқан Зербұлақ көлінің жағалауындағы қамыс өртенген.

«Содан кейін іске полиция қызметкерлері кірісті. Өйткені, өртенген қамыстың арасынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мүрдесі табылған еді. Сәл кейінірек оның таяу маңда тұратын облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны екендігі анықталды. Мүрдені қарау барысында денесінен қандай да бір зақымдану анықталған жоқ», - делінген таратылған ақпаратта.

Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, азамат денесінің 80 пайызын күйік шалудан мерт болған. Өрт шыққан жерге тақау маңнан бензиннің өткір иісі бар пластик бөтелке табылған. Полицияның алдын ала болжамына қарағанда, өлген адам өзін-өзі өртеп жіберген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзін-өзі өлтіру себебі анықталып жатыр, бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.