Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болды

Оқиға Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында, Бұқар жырау даңғылы бойындағы теміржол вокзалы маңындағы көпірде болған.

Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болды
Фото: видиодан скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарынан кейін базаға қайтып келе жатқан. Сол кезде олар көпір қоршауынан асып, төменге секіруге әрекеттенген ер адамды байқап қалған.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, ер адамды ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарған. 1986 жылы туған азамат оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырылды.