Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Шымкентте жолда қауіпті әрекет жасаған екі жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Шымкентте жол ережесін өрескел бұзып, өзгелерге қауіп төндірген екі жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Шымкентте жолда қауіпті әрекет жасаған екі жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Фото: видиодан скриншот

Polisia.kz мәліметінше, полиция Toyota Camry және Toyota Land Cruiser көліктерінің жүргізушілерін анықтаған. Олар бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жол таңбалары мен жарық құралдарын пайдалану талаптарын бұзған әрі жолда авариялық жағдай туғызған.

Тексеру барысында жүргізушілердің 18 жастағы Мақсат Төлеген мен 22 жастағы Дінмұхаммед Сүлеймен екені анықталды.

Сондай-ақ олардың бірінің көлік басқару құқығы болмаған. Бұған қоса, екі азаматтың әрекетінен ұсақ бұзақылық белгілері анықталған. Сот шешімімен екеуі де 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.