Атырау облысының Индер ауданындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаға қол көтерген сәті видеоға түсіп қалды. Оқиға екі жасқа толған бүлдіршіннің туған күнін атап өту кезінде болған, деп хабарлайды paryz.kz.
Оқиға «Балдәурен» балабақшасының «Күншуақ» тобында болған. Тәрбиешілер екі жасқа толған Ұлан есімді бүлдіршіннің туған күніне орай ата-аналарға арнап бейнежазба түсірген.
Алайда видеода мерекелік құттықтаулармен қатар, тәрбиешілердің балаларға дауыс көтеріп, дөрекі сөйлегені байқалады.
Сондай-ақ тәрбиешілердің бірі бүлдіршіндердің бірін арқасынан шапалақпен ұрған сәті де таспаға түсіп қалған.
Алдын ала мәлімет бойынша, тәрбиешінің әрекетіне қатысты шағым түскен.