Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Өскеменде қоғамдық монша өртенді

Өскемен қаласындағы Достық халықтары көшесінде орналасқан жеке тұрған қоғамдық моншаның шатыры өртенді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жұмылдырылды.

Өскеменде қоғамдық монша өртенді
Фото: видиодан скриншот

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің ғимараттың бүкіл аумағына таралуына жол берілмеді. 

Өрт 250 шаршы метр аумақта сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.