Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды

Алматыда өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды
Фото: видиодан скриншот

Оқиға 17 қараша сағат 00:40 шамасында Тимирязев және Әуезов көшелерінің қиылысында болған.

"Өрт сөндіру көлігі шақырту бойынша арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосып, оқиға орнына бара жатқан. Қиылыстан өту кезінде жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оған медициналық көмек көрсетілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ал арнайы көліктің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді полиция.

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.