Қарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Куәгерлердің айтуынша, сауда үйлерінің бірінде қайғылы оқиға болған. Ер адамның денесі Ана мен бала бөлмесінен табылған. Алдын ала деректер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Мәйітті сауда үйінің күзетшісі байқаған. BAQ.KZ сауалынан кейін полиция жауап жолдады.
«16 қарашада Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен өз-өзіне қол жұмсаған 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп жауап берді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.