Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Шымкентте жанармай таситын көліктің жүргізушісі өртеніп кетті

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Ташкент тасжолында жанармай таситын көлік өртеніп, бір адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Шымкентте жанармай таситын көліктің жүргізушісі өртеніп кетті
Фото: istockphoto

Оқиға 18 қарашада сағат 15:58-де болған. 112 шұғыл қызметінің пультіне жанармай таситын көліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілер жеткен кезде жол апаты салдарынан аударылған жанармай таситын көлік толығымен отқа оранған. Сонымен қатар төгілген жанармай да тұтанған", – делінген ведомство хабарламасында.

Өрт сөндірушілер 60 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Жалын толығымен жойылды. Көлік кабинасынан ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.