Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Алатауда жеке тұрғын үйде өрт шығып, төбесі опырылып түсті

Алатауда жеке тұрғын үйден өрт шығып, төбесі опырылды. Құтқарушылар екі газ баллонын алып шықты, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.

Алатауда жеке тұрғын үйде өрт шығып, төбесі опырылып түсті
Фото: видиодан скриншот

Ведомство мәліметінше, Алматы облысы Алатау қаласы Дәулет шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы "112" пультіне хабарлама келіп түсті. ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үйдің шатыры толығымен отқа оранған.

Сонымен қатар төбе жабындысының бір бөлігі опырылып түскен.

"Құтқарушылар дереу өрт сөндіруге кірісті. Жұмыс барысында олар көлемі 50 және 25 литр болатын екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды", - делінген хабарламада. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.