Атырауда 500 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиянды тауып алған оқушылар оны иесіне қайтарды, деп хабарлайды paryz.kz.
Алан есімді мектеп оқушысы достарымен бірге көшеден қомақты қаражаты бар әмиян тауып алған.
Балалар ақшаны өзара бөліспей, жақын маңдағы полиция қызметкеріне тапсырған.
Полиция қызметкерлері көп ұзамай әмиян иесін анықтап, жоғалған ақшаны қайтарып берді. Қаражатын қайта алған тұрғын оқушыларға алғысын білдірді.
Балалардың бұл әрекеті адалдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.