Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 08.12.2025 06:14

Ақтөбеде зейнетке шығайын деп отырған жоғары лауазымды полицей ұсталды

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері қамауға алу туралы деректі растады, бірақ басқа ақпарат бермеді.

Ақтөбеде зейнетке шығайын деп отырған жоғары лауазымды полицей ұсталды
фото: Ақтөбе таймс

Ақтөбеде Полиция департаменті Тергеу басқармасының басшысы ұсталды. Полиция полковнигі Евгений Годлевский ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген деп хабарлайды Paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, жоғары лауазымды полиция қызметкерінің ұсталуы көбіне тосын жағдай болды, себебі Годлевскийдің құқық қорғау органдарында 25 жылдық тәжірибесі бар. Күзде ол зейнетке шығады екен.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері қамауға алу туралы деректі растады, бірақ басқа ақпарат бермеді.

Департамент басшысы әлеуметтік желілерде Тергеу басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде бірқатар заң бұзушылық анықталғанын ғана жазды.