Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Әйелдер мен нәрестелер мұндай жағдайда қалай жатыр?»: Астанадағы перзентхана сынға ұшырады

Астанада Тәуелсіздік даңғылында орналасқан перзентхананың жағдайы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Желі қолданушысы медициналық мекемедегі жағдайға алаңдап, жауапты органдарды тексеру жүргізуге шақырды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Әйелдер мен нәрестелер мұндай жағдайда қалай жатыр?»: Астанадағы перзентхана сынға ұшырады
Фото: Threads/rabbit.3190915

Жазба авторының айтуынша, перзентхана палаталарындағы төсектердің төсек-орын жабдықтары жыртылған, ал ғимарат қабырғалары қирап кетуі мүмкін жағдайда көрінеді. 

Ол босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің мұндай жағдайда жатуына наразылық білдіріп, медициналық мекеменің жағдайы не себепті тексерілмейтінін сұраған. Жазба желі қолданушыларының да назарын аударды. 

Пікір қалдырғандардың бірі ғимараттың жағдайына алаңдаушылық білдірген.

«Сұмдық, мына қабырғалар кез келген уақытта құлап кететін сияқты», – деп жазды пікір білдірушілердің бірі.

Бұған қатысты жазба авторы Денсаулық сақтау министрлігіне де үндеу жасап, перзентхананың жағдайына назар аударуды сұраған.