Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Қазақстанда ашаршылық болады»: көріпкел Ақгүл Есетқызы болжамын айтты

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Қазақстанда ашаршылық болуы мүмкін екенін айтты Көріпкел Ақгүл Есетқызы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Қазақстанның болашағына қатысты болжамын айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта елде ашаршылық болуы мүмкін, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қазақстанда ашаршылық болады»: көріпкел Ақгүл Есетқызы болжамын айтты
Фото: видиодан скриншот

Ақгүл Есетқызының айтуынша, ол бұл туралы әлеуметтік желіде бұрын да жазған. Алайда жазбасының астына жағымсыз пікірлер көптеп жазылған соң, оны өшіріп тастаған. 

«Қазақстанда ашаршылық келе жатыр. Бұл туралы жазбамды біраз уақыт бұрын шығарған болатынмын. Астына “Ұрпағыңмен қырылып қал”, “Жағыңа жылан жұмыртқаласын” деушілер көбейіп кетті де, ренжіп, өшіріп тастадым. Қандай ашаршылық келе жатыр? Өте ұқыпты, өте мұқият, өте әдемі, өте саналы түрде жасалған ашаршылық келе жатыр. Отызыншы жылдары болған ашаршылық бірден басталып кеткен жоқ. Оған 10–15 жыл дайындалды. Бізде де дәл сондай болады», – деді ол.

Айта кетейік, бұл – көріпкелдің жеке болжамы. Қазақстанда алдағы уақытта ашаршылық болады деген мәлімдемені растайтын нақты дерек келтірілген жоқ.