Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

«Аяғыңмен басып жүрген шөп қабіріңнің үстінен шығады»: Алмат Сақатов қызметіне мастанғандарды сынады

Танымал актер Алмат Сақатов әлеуметтік желідегі парақшасында қызметі жоғарылаған адамдардың мінез-құлқындағы өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Аяғыңмен басып жүрген шөп қабіріңнің үстінен шығады»: Алмат Сақатов қызметіне мастанғандарды сынады
Фото: видиодан скриншот

Өнер иесі қоғамдағы орны өзгергенімен, адамның қарапайымдылығы жоғалмауы керектігін жеткізіп, бейнежазба жариялады. Актердің сөзінше, адамның өміріндегі мансаптық өзгерістер оның адамдық қасиетіне әсер етпеуі тиіс.

«Бір бауырым жазады “Менің бір досым бар еді, қызметке орналасқаннан кейін тұмсығын көтеріп кетті. Бұрын ондай емес еді, тәкаппар емес еді”,- дейді. Бауырым, ол текпен келетін нәрсе. Қазақта жақсы сөз бар ғой “Ұлық болсаң, кішік бол”, “Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл”. Өмірде адамды жағдайы өзгертіп тұрады. Ондай дос менде де бар. Оған “Ей, досым, сен аяғыңмен басып жүрген шөп бір күні қабіріңнің үстінен шығады. Жерге түс” деп айт. Қарапайымдылық әр қазаққа жарасқан», – деді Алмат Сақатов.