Қарағандыдағы арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға арналған «Әсем» қолдау орталығында тәрбиеленушілер үшін ерекше кездесу өтті. Балалар белгілі қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергенмен жүздесті, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі орталыққа арнайы барып, балалармен еркін форматта әңгімелесті. Бірге шай ішіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында Димаш балаларды мұқият тыңдап, қолдау көрсетіп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Балалар үшін бұл кездесу есте қаларлық ерекше оқиғаға айналды. Қазақстанда ғана емес, әлемге танымал өнерпазбен жүздесіп, еркін әңгімелесу оларға көтеріңкі көңіл-күй мен шабыт сыйлады.
Материалдар көшіріліп басылған ретте «Ortalyq Qazaqstan» сайтына сілтеме жасау міндетті.