Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Атыраулық оқушылар Pinduoduo-дан лотос тұқымын алдырып, тұтас алқапқа айналдырды

Атырау облысында Қызыл кітапқа енген лотос өсімдігінің жаңа өсетін аумағы анықталды. Сирек кездесетін гүлдің таралуына екі жергілікті оқушының тәжірибесі себеп болған, деп хабарлайды paryz.kz.

Атыраулық оқушылар Pinduoduo-дан лотос тұқымын алдырып, тұтас алқапқа айналдырды
Коллаж: paryz.kz

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мамандарының мәліметінше, 11 жастағы Шаттық Хами мен 12 жастағы Айым Жанкелді 2024 жылы үйлерінің маңындағы су айдынынан лотос тұқымдарын жинаған.

Тұқымды Айымның анасы Қытайдан тапсырыс берген. Алдымен қыздар гүлді үй жағдайында өсіруге тырысқан. Алайда нәтиже болмаған соң, тұқымдарды табиғи ортаға отырғызуды ұйғарған. 2025 жылы алғашқы жапырақтары пайда болып, биыл жазда лотостар алғаш рет гүлдеген. 

Қыздар бұл өсімдіктің жаңа аумақта өсіп жатқанын бірден аңғармаған. Жаңа лотос алқабы «Ақжайық» резерватының сол жақ кластерінен 3-4 шақырым жердегі Перетаска өзекшесінде орналасқан. Бұған дейін Атырау облысында лотос негізінен Құрманғазы ауданында ғана өсетіні белгілі болған.

Айта кетейік, биыл Атырау облысында қытайлық мамандардың қатысуымен лотос өсіру бойынша тағы бір тәжірибелік жоба басталды. Тұщыла-Балка ауданындағы 500 шаршы метр аумаққа 270 түп лотос отырғызылған.