Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Гвардейский гарнизоны аумағында қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Криминальный Казахстан телеграм арнасының мәліметі бойынша, ақпаратты аудандық полиция бөлімі растады. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, табылған сәби – ұл бала. Дәрігерлердің айтуынша, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.