Прямая трансляция

Астана

Астана

32.82°C

«Қалай күліп-ойнап, тамақ ішіп қайтты?»: Жас жұбайларсыз өткен той желіде қызу талқыға түсті

Шымкентте 350 адамға арналған үйлену тойы жас жұбайлардың қатысуынсыз өткен. Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Қалай күліп-ойнап, тамақ ішіп қайтты?»: Жас жұбайларсыз өткен той желіде қызу талқыға түсті
Коллаж: paryz.kz

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, той болатын күні жас жұбайлар күтпеген жағдайға тап болып, мерекелік кешке бара алмаған.

Соған қарамастан, алдын ала жоспарланған той тоқтатылмаған. Кеш барысында қонақтарға жас жұбайлардың арнайы бейнежазбасы көрсетілген. 

Экраннан қалыңдықтың медициналық палатада жатқанын, ал күйеу жігіттің оның жанында екенін көруге болады.

Жарияланған видео әлеуметтік желі қолданушыларының түрлі пікіріне себеп болды. Кейбірі тойдың жас жұбайларсыз өтуін орынсыз деп санаса, енді бірі қонақтардың тойда отырып, көңіл көтергенін сынға алған. 

«Тойда отырған адамдар қалай күліп-ойнап, тамақ ішіп қайтты екен?» деген пікір жазған қолданушылардың бірі.

Тағы бір желі қолданушысы: «Өздері жоқ болса, той кім үшін?» деп наразылығын білдірген.

Алайда кейбір пікір қалдырушылар жас жұбайларға түсіністікпен қарап, күйеу жігіттің қалыңдығының жанында болғанын атап өтті.

«Қандай азамат, қасында жүр» деген пікір де жазылған.

Жас жұбайлардың қандай жағдайға байланысты мерекеге қатыса алмағаны әзірге нақты айтылмады.