Прямая трансляция

Астана

Астана

21.66°C

«Айфон емес, малға шөп алдым»: желіні тәнті еткен баланың сөзі

Әлеуметтік желіде қазақстандық баланың өмірлік құндылық туралы айтқан пікірі көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Айфон емес, малға шөп алдым»: желіні тәнті еткен баланың сөзі
Фото: видиодан скриншот

Бейнежазбада бала әкесімен бірге малға шөп сатып алғанын айтып, бұл өзіне қымбат смартфоннан әлдеқайда маңызды екенін жеткізеді. Баланың қарапайым әрі шынайы жауабы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

Көпшілік оның тәрбиесіне жоғары баға беріп, еңбекті бағалау мен отбасы құндылықтарын бірінші орынға қойған көзқарасын үлгі еткен.

OЖелі қолданушылары пікірлерінде мұндай тәрбиенің бүгінгі қоғам үшін маңызды екенін атап өтіп, баланың ата-анасына алғыс білдірген. Кейбірі «Осындай балалардан үлгі алу керек», «Нағыз тәрбиенің көрінісі» деген пікірлер қалдырған.