Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

"Ешкім нақты мәлімет бере алмайды": ашынған қызылордалықтар жұмыспен қамту орталығына басып кірді

Мал шаруашылығы, шаштараз және тағы басқа кәсіп ашуға бел буған азаматтар 26 сәуірден бастап 21 күндік оқу курсынан өтуі тиіс.

"Ешкім нақты мәлімет бере алмайды": ашынған қызылордалықтар жұмыспен қамту орталығына басып кірді
Фото: дереккөз

Қызылордада «Бастау бизнес» жобасына қатысуға ынталы топ Жұмыспен қамту орталығына басып кірді, – деп хабарлады 24.kz-ке сілтеме жасаған Paryz.kz.

Мал шаруашылығы, шаштараз және тағы басқа кәсіп ашуға бел буған азаматтар 26 сәуірден бастап 21 күндік оқу курсынан өтуі тиіс. Қала тұрғындарының Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмай отыр.

«Кәсіпкерлік қағидатын үйрететін оқуға бөлінген 535 жолдама дұрыс бөлінбей отыр», – дейді жұрт.

«Бастау бизнес» жобасына тіркеу шаралары 25 сәуірге дейін жалғасады. Ісін ашып, өркендетуге мүмкіндік беретін бағдарлама халық арасында кең қолдауға ие. Сұраныстың жоғары болуының тағы бір себебі – мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікке оқытатын өзге жобалардың барлығы тоқтап тұр.

"Қарапайым халық құқығымызды қорғай алмай тұрмыз. Сыртта қауесет естіп жатырмыз. Мысалға, 50 мың теңге берсең, алып кетесің дегендей. Бізге ондай нәрсе керек емес. Бізге түсіндіріп айтуы керек, ешкім нақты мәлімет бере алмайды. Мемлекеттік қызметкер отырады, 17-18-19 үстелде бізді қабылдады. Бірақ нақты мәлімет ала алмаймыз", - деді қала тұрғыны Мәлика Айдарова.

 

"Халық бір мезетте алғанды дұрыс көреді. Соған байланысты шамалы кезектілік саны артқаны рас. Бірақ біз 535-пен шектеліп қалмаймыз. Әрі қарай да жоғарғы органдарға халықтың саны артқандығын білдіріп, бюджеттен қосымша қаржы сұрап, жолдама санын арттыруға жұмыс істейтін боламыз", - деп жауап берді қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Жақсылық Төлегенов.