Прямая трансляция

Астана

Астана

20.66°C

«20 жыл бірге тұрдық»: Жанар Айжанова екінші күйеуімен ажырасқанын айтты

Әнші Жанар Айжанова жеке өміріне қатысты бұрын көп айтыла бермеген жайтпен бөлісті. Өнер иесі жұбайынан айырылғаннан кейін екінші рет тұрмыс құрғанын және бұл некесі 20 жылдан кейін аяқталғанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«20 жыл бірге тұрдық»: Жанар Айжанова екінші күйеуімен ажырасқанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

«Cуытпай тұрмысқа шығып кеткен жақсы. Негізі, ретке келсе жас кезіңде құрған тұрмыс бөлек. Онымен сен үйлесесің бе, үйлеспейсің бе әйтеуір баладан көбі үйлесіп кетіп жатады. Артынан тұрмысқа шықтым, тұрмысқа шыққанмен бермейтін Құдай бермейді екен. Айжұлдыздан кейін сонша дәмеленгенмін. Қыз болса да, ұл болса да әйтеуір жалғыз болмаса екен деп. Бұйырмады. Болмайтын нәрсеге аспанға балта шаппаймыз ғой», — деді әнші.

Сондай-ақ Жанар Айжанова екінші некесінің не себепті аяқталғанын да түсіндірді. 

«Мен екінші тұрмыста 20 жыл тұрдым. Айжұлдыз тұрмысқа шыққаннан кейін екіжаққа кеттік. Өзім де соны ойлап жүргенмін, арамызда бала болмады. Ол біреудің баласы. Бала болса да, болмаса да біздер әйелден көреміз ғой. Обалына қалмайын деп бір күнде шешіп екіжаққа кеттік. 20 жыл бірге тұрдық, бала болмады. Менен анау да көреді, мынау да көреді. Ол кісі балалы болса екен деп тілеймін, әлі тілеп жүрмін», — деді Жанар Айжанова.