Түркістан облысы Сарыағаш ауданында құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Мемлекеттік орган қызметкерлері жұмыс уақытында құмар ойындар ойнаған. Мұндай әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидаттарына, қызметтік әдеп талаптарына, мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді, дейді прокурорлар
"Заңды бұзған мемлекеттік органдардың 4 қызметкері атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - дейді Түркістан облысының прокуратурасы.