Прямая трансляция

Астана

Астана

31.72°C

«Сенің ішіңе жын кірген деді»: зікірші Есбатыр Сейсенов Исматулла Мақсұм туралы айтты

Зікірші Есбатыр Сейсенов «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» YouTube арнасына берген сұхбатында сопылық ағым өкілі Исматулла Мақсұммен арадағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

«Сенің ішіңе жын кірген деді»: зікірші Есбатыр Сейсенов Исматулла Мақсұм туралы айтты
Фото: видиодан скриншот

Оның сөзінше, діни ортада жүрген кезінде білім алу мен қоғаммен араласу мәселесіне қатысты сұрақ қойған.

«Шәкәрім ата өзі өнер-білім үйрен деп үйретті, әйтпесе ақылың тұл болады деген. Ал жамағаттағы адамдар 25 жылдан бері бала-шағасын, қызын жоғары оқу орнына оқытпайды. “Неге рұқсат бермейсіз?” деп сұрадым. “Оқыған адам бұзылып кетеді, қоғаммен араласса бұзылады” деген ұстанымға қарсылығымды айттым», – дейді ол. 

Есбатыр Сейсеновтің айтуынша, қойған сұрақтарына нақты жауап ала алмаған. 

«Маған еш жауап бермей, “сенің ішіңе жын кірген” деді де, қамшымен 25 рет ұрды. Сол кезде шынымен жын кірген шығар деп ойладым. Бірақ еш өзгеріс болмады. Кейін де сұрақтарыма жауап іздеп бір ай күттім. Соңында “қайда жазсаң да жаз, енді медресеге келме, табалдырығын аттама” деген сөз естідім. Содан кейін бұл туралы Facebook желісіне жаздым», – деді ол. Сұхбат барысында ол Исматулла Мақсұмға әлі де құрметпен қарайтынын, алайда өз сауалдарына жауап ала алмағанын түсінбейтінін жеткізді.