Прямая трансляция

Астана

Астана

18.92°C

«Aлла сақтады»: Танымал мектеп директоры жол апатына ұшырағанын айтты

Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жол-көлік оқиғасына тап болғанын әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Aлла сақтады»: Танымал мектеп директоры жол апатына ұшырағанын айтты
Коллаж: paryz.kz

Педагог Instagram желісіндегі stories бөлімінде жол апатынан кейінгі жазбасын жариялаған.

"Қайта туған күн. Аман болайық. Бір Алла сақтады", – деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.

Желі қолданушылары мектеп директорына қолдау білдіріп, оның тезірек сауығып кетуін тіледі.