Алматыда ер адам көлігінде қару алып жүрген, деп хабарлайды paryz.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алматыдағы экологиялық бекеттердің бірінде 45 жастағы азамат басқарып келе жатқан Mercedes автокөлігі тоқтатылған.
Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғыштан қаруға және арнайы құралдарға ұқсас заттар табылған. Оны тәртіп сақшылары тәркіледі.
- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген заттардың шығу тегі мен нақты мақсат-міндетін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полициядан.