Прямая трансляция

Астана

Астана

25.57°C

«Модель, Лондонда тұрады»: Мұхтар Жәкішевтің қызы өзге ұлттың өкіліне тұрмысқа шықты

Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева тұрмысқа шықты. Жас жұбайлардың үйлену тойынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде кең таралып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды paryz.kz Sadaq.kz-ке сілтеме жасап.

«Модель, Лондонда тұрады»: Мұхтар Жәкішевтің қызы өзге ұлттың өкіліне тұрмысқа шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Threads желісінде жарияланған жазбалардың бірінде:

«Қалыңдықтың есімі – Алтынай, ол Жәкішевтің қызы. Модель, Лондонда тұрады. Өзі өте ақылды әрі харизмасы жоғары тұлға. Күйеу жігіттің жолы болған екен!» – деп жазды желі қолданушысы» – делінген.

Желіде тараған мәліметтерге қарағанда, Алтынай Лондонда тұрады және модельдік саламен айналысады. Ал күйеу жігіт шетелдік азамат екені байқалады. Той халықаралық форматта өткен.